АҚШ-та Рождество қарсаңында террорлық қауіп деңгейі күшейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Рождество қарсаңында Құрама Штаттардың аумағында террорлық шабуыл жасалуы мүмкін екендігін ескертті, деп жазады «Хабар 24».

Мұндай болжам ғаламторда америкалық шіркеулерге шабуыл жасауға шақыратын ақпараттардың жиі жарық көруіне байланысты жасалған. Қазір тәртіп сақшылары жағдайды өз бақылауына алып, деректің нақтылығын анықтауда.

Еске сала кетейік, Берлиндегі лаңкестік шабуылдан кейін АҚШ өз аумағында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Мәселен, Чикаго полициясы Рождество қарсаңында жәрмеңке өтетін жерге мүлде автокөлік кіргізбей қойса, Нью-Йоркте қару асынған сақшылар қатары артты.