НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-қа Еуроодақтан сәбилерге арналған тағамның партиясы жеткізілді. Бұл штаттардағы сүт қоспасының тапшылығы мәселесін жеңілдетеді деген жоспар бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.
Сәбилерге арналған тағам шығарушы Abbott Nutrition компаниясының Мичигандағы ірі зауыты ақпан айында жабылып қалған. Бұған сүт қоспаларынан ауру қоздырғыш бактериялардың анықталуы себеп болған.
Компания 4 маусымда зауытты қайта іске қосып, үш аптадан соң жаңа өнімдерін дүкен сөрелеріне жеткізуді жоспарлап отыр.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.