АҚШ-та сальмонеллез қоздырғышының табылуы салдарынан 500 миллион тауық жұмыртқасы сатылымнан алып тасталды

None
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та жұмыртқалардан сальмонеллез бактерияларының табылуы салдарынан 500 миллион тауық жұмыртқасы сатылымнан алып тасталды.

АҚШ-тың Азық-түлік пен мен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы елдің Мэн және Айова штаттарындағы екі үлкен құс фермасының өнімдерінен сальмонелла қоздырғыштарын тауып отыр. Мамандардың пайымдауынша, 1,3 мыңдай адам жұмыртқадан уланып қалған, деп хабарлайды ВВС радиостансасы.