АҚШ-та сарқырама қып-қызыл жалынға айналды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Йосемит ұлттық паркіндегі Эль-Капитан жартасынан аққан сарқырама нағыз жалынға айналды. Алыстан қарағанда жарты шақырымдық биіктіктен лава ағып жатқандай көрінеді.

Мұндай әсем табиғат көрінісін тек ақпанның екінші жартысында ғана тамашалауға болады. Ұясына батқан күннің шапағы сарқырамаға түсіп, судың түсі ерекше қызыл түске боялады. Бұл үшін аспандағы бұлт пен ауа температурасы секілді бірнеше жағдай ұштасуы тиіс.