Колумбия қалалық полиция департаментінің басшысы Уильям «Скип» Холбруктың мәліметінше, оқиға кезінде күдікті де қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, полиция қызметкерлері тұрмыстық жанжал туралы шақырту бойынша оқиға орнына барған.
– Бір полиция қызметкері қаза тапты, тағы бір тәртіп сақшысы жараланды. Күдікті де көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу аяқталғанша тұрғындардан аталған аумаққа бармауды сұраймыз, – деді Уильям Холбрук.
Құқық қорғау органдары оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті тұрғындарға саябақ маңынан уақытша аулақ болу ескертілді.
Бұған дейін АҚШ-тың Лексингтон қаласындағы саябақта жаппай атыс болып, бір адам қаза тапқан еді. Тағы төрт адам жарақат алды.
Айта кетейік, кеше Швейцариядағы технология фестивалінде атыс болды.