АҚШ-та сегіз жасар бала компьютер ойынының әсерінен адам өлтірді

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Луизиана штатының полициясы 90 жастағы әйелді өлтіру оқиғасын тергеуде. Оны GTA компьютер ойынымен ойнаған сегіз жасар бала атып өлтірген, деп хабарлайды Fox News.

Шығыс Фелисиана округі шерифінің айтуынша, бала бұл оқиғаның алдында Grand Theft Auto IV ойынын ойнап отырған.

Балаға қарауы тиіс болған егде жастағы әйел бірнеше оқпен жараланған, соның ішінде кемінде біреуі басына тиген.

Баланың жасы небары сегізде болғандықтан оны босатып, ата-анасына берілді. Штат заңы бойынша жасаған қылмысы үшін он жастан асқан азаматтар ғана жауап береді.