АҚШ-та сенатор Джон Кеннеди президент сайлауына қатыспақ

АСТАНА. KAZINFORM — Луизиана штатынан сайланған республикашыл сенатор Джон Кеннеди Meet the Press бағдарламасында 2028 жылғы президент сайлауына қатыспақ ойы барын айтты, денп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі.

Фото: nbcnews.com

NBC News арнасының жүргізушісі Кристен Уэлкердің президенттікке кандидат боласыз ба деген сұрағына Кеннеди «Иә» деп жауап берген.

— Қазіргі уақытта екінші мерзімге сайлануға үміткер болуды жоспарлап отырмын, бірақ бұрын айтқанымдай, егер мен Сенатта өнімді жұмыс істей алмайтындай болсам, президент сайлауына қатысу жағын қарастырамын, — деді Кеннеди.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін вице-президент Дж.Д. Вэнс пен Мемлекеттік хатшы Марко Рубионы мұрагерлер ретінде қарастырған. Қыркүйек айында Рубио президенттікке үміткер болуды «әзірге жоспарламағанын» айтты. 

NBC News бұған дейін АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің 2028 жылғы президент сайлауында кандидат болу мүмкіндігі туралы айтқанын хабарлаған, бірақ Қорғаныс министрлігінің өкілі кейіннен бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Сондай-ақ, тамыз айында Трамп Техас штатынан сайланған республикашыл сенатор Тед Круздың 2028 жылғы президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.

2028 жылғы президент сайлауы 2012 жылдан бергі Трамп Республика партиясынан үміткер болмайтын алғашқы сайлау болады.

Еске сала кетейік, Трамп Республикалық партия сайлауда жеңсе, америкалықтарға $5 мыңнан төлеуге уәде берді.