АҚШ-та шіркеудегі мереке адам өлімімен аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикаго қаласында баптистер шіркеуі алдындағы атыстан 2 адам қаза тауып, 18 адам жарақаттанды, деп хабарлайды «РИА Новости».

Оқиға Чикаго қаласында Джексон және Ламари көшелерінің қиылысындағы шіркеудің салынғанына 117 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада орын алған. Салтанатты жиынға адам көп келген. Полицияның хабарлауынша, оқ жаудырған 47 жастағы тұрғын. Ол шіркеуге келген екі адаммен ерегесіп қалғасын көп ұзамай қару алып келіп, жиналған адамдарға оқ атқан.

Бұған дейін мұндай оқиға биыл, 22 наурызда Нью-Йорк қаласындағы Бруклин ауданында болған. Онда автобусқа оқ атылып, бір адам қаза тапқан болатын.