АҚШ-та су қоймасына 100 млн-ға жуық пластикалық шар салынды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы су қоймасына ерекше эксперимент аясында 100 млн-ға жуық пластикалық шар салынды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Оның сыры мынада: Калифорнияда тұщы су тапшы, су қоймасына судың буланып, ауаға ұшуын азайту мақсатында осындай шарлар салынып отыр. Олар су бетін тұтастай жауып, булануды азайтады және кейбір зиянды заттардан су қоймасын қорғайды.