22 қыркүйектегі сауда қорытындысы бойынша NYMEX Нью-Йоркск сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың қарашалық фьючерстерінің баға белгіленімдері 5,41 долларға құлап (-6,3%), барреліне 80,51 долларды құрады.
Brent маркалы мұнайдың қарашалық фьючерстерінің құны ICE биржасында 4,87 долларға төмендеп (-4,4%), 105,49 долларға теңесті.
Бүгін мұнай бағасы өсуде. Қарашалық фьючерс Мәскеу уақыты бойынша 7:59-да Нью-Йорктегі электрондық саудада 0,59 долларға өсіп, барреліне 81,10 долларға дейін жетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы да 0,59 долларға өсіп, барреліне 106,30 долларды құрады.