Кездесуде облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, табиғи-климаттық жағдайы мен өлке тарихы туралы баяндады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу алдында АҚШ-тың бас консулы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Басқосуда АҚШ университеттерімен ынтымақтастық және студенттер алмасу бағдарламасы жайлы кеңінен әңгімеленді. Өз кезегінде Бас консул ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын осындай кездесу ұйымдастырғаны үшін облыс басшылығына алғысын айтты. Жиында мәдени байланыстардың түрлі бағыттары сөз болып, білім, ауыл шаруашылығы және бизнес салалары бойынша тәжірибе алмасу жайы талқыланды. Сонымен қатар Амандық Баталов ынтымақтастықты арттыру үшін бауырлас қала идеясын ұсынды. Бұл ұсынысты Алматыдағы АҚШ Бас консулы қолдап, Марк Муди мырза бұл мәселенің қарастырылатынын атап өтті. Тараптардың жылы достық шырайдағы жүздесуін ескере отырып, жуырда АҚШ-та Талдықорғанның бауырлас қаласы пайда болуы мүмкін деуге әбден болады.