Круиз кемесінің бортында жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда 130-дан астам адам болған.
Мәліметке сәйкес, Atlantic Asphalt компаниясына тиесілі танкер Миссисипи өзеніндегі айлақта жергілікті уақыт бойынша 13:00–де (Астана уақытымен 00:00–де) American Heritage круиз кемесімен соқтығысқан.
Оқиғадан кейін Жаңа Орлеандағы университеттік медициналық орталық пен LCMC Health желісіне қарасты басқа да ауруханаларға зардап шеккен 20 адам жеткізілген.
Соққыдан кейін круиз кемесі бір бүйіріне қисайып, суға бата бастаған.
Оқиға орнында тиісті қызметтердің мамандары жұмыс істеп, қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Осыған дейін Кипр жағалауында кеме суға батып, 10 теңізші құтқарылған болатын.
Айта кетейік, Конгода екі кеме соқтығысып, 30 адам қаза тапты.