Х.Немази жалған құжаттар бойынша несие алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Тергеу органдарының мәліметтері бойынша, Х.Немази жалған құжаттармен 74 миллион доллар несие алған. Ол құжаттарда қағаздарды тапсырған кезде айыпталушыға тиесілі болмаған активтер немесе мүлдем болмаған активтер туралы мәліметтер болған.
Банкир Римге ұшқалы тұрған жерінде Ньюарк Либерти халықаралық әуежайында тұтқындалған. Тергеудің мәлімдеуінше, Х.Немази келесі күні 74 миллион доллар несиені толық қайтарған.
Егер банкирдің кінәсі дәлелденетін болса, оны 30 жылға дейінгі мерзімге түрме күтіп тұр.