АҚШ-та тікұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Бейнетаспа түсіру тобы мінген тікұшақ Пайкс-Пик тауына соғылып, Колорадо штатында апатқа ұшырады.

Зардап шеккен үш адам бар, алдын ала болжам бойынша қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Журналистер жердегі жүргізушісіз Audi маркалы автокөлікті сынау жаттығуларын түсірумен айналысқан. Жарақаттанғандардың барлығы қазір ауруханаға жеткізіліп, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.