Соңғы мәліметтер бойынша 8 адам қазаға ұшыраған.
Жергілікті билік орындарының нақтылауынша, Нью-Йорк штатында алты адам және Нью-Гэмпшир және Мичиган штаттарында тағы екі адам көз жұмған.
Метеорологтардің болжауынша жауын-шашын күшейе түспек, енді жақында аймақта жылдық нормадағы қар түсуі мүмкін дегенді айтады.
Нью-Йорктың он округінде табиғаттың тосын мінезі салдарынан төтенше жағдай режимі енгізілді. Баффало қаласының халықаралық әуежайында авиарейстердің 40 пайызға жуығы тоқтатылды, ал көптеген елді мекендерде көлік қозғалысы қиындай түскен.