АҚШ-та толассыз жауған қардан атом электр стансасы істен шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостоннан 70 км жерде орналасқан Плимут қаласындағы «Пилигрим» атом электр стансасы қардың толассыз жаууынан өз жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды 24.kz.

Станса белгіленген тәртіп бойынша қолайсыз ауа райына байланысты электр таратқыш желілері істен шыққаннан кейін өз жұмысын тоқтатқан.

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, объекті жұмысының тоқтауы қызметкерлер мен қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді.