АСТАНА. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Миссисипи штатында торнадо дауылы тұрып, 25 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
Табиғат құбылысынан Роллинг-Форк қаласы қаттырақ зардап шекті. Қалада жүздеген ғимарат қирап, ондаған адам жарақаттанды.
АҚШ Президенті Джо Байден бірнеше округте төтенше жағдай режимін жариялады. Зардап шеккендерге көмек беруді тапсырды. Соны ішінде уақытша баспана тұрғызу да бар. Бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғын үйлері сақтандырылмағандарға жеңілдікпен несие беру қажеттігін айтты.
Айта кетсек, 2011 жылғы сәуірде осы штатта торнадо тұрып, 31 адам ажал құшқан еді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.