11:00, 30 Наурыз 2009
АҚШ-та тоты құсқа мемлекеттік награда табыс етілді
ВАШИНГТОН. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат - Американың Денвер қаласында (Колорадо штаты) кішкентай қыз баланы құтқарғаны үшін тоты құсқа мемлекеттік награда берілді.
Американдық Қызыл Крест қоғамының сыйлығына Вилли есімді квакер тұқымдас тоты құс ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат НТВ телеарнасына сілтеме жасап. Тоты құсты мапараттау рәсіміне штат губернаторы Билл Риттер мен қала мэрі Джон Хикенлупер қатысты. Құстың иесі Меган Ховард бала күтуші болып жұмыс істейді және 3 жасар Ханнаға қарайды. Өзімен бірге жұмысына тоты құсын да бірге алып баратын Меган бірде төтенше оқиғаның куәсі болады. Кішкентай Ханнаның алдына тамағын қойған Меган бөлмеден шығып кетеді. Бүлдіршін тамағын жей бастайды да, кенеттен түйіліп қалып, тынысы тарыла бастайды. Ханнаның жанына жетіп барған Вилли, қанаттарын қағып, «Мама, беби!», - деп қатты айқайлай бастайды. Құстың айқайын естіген бала күтуші бөлмеге жүгіріп келіп, балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп үлгереді. «Вилли ? нағыз батыр», - дейді Меган Ховард. «Мен бірер минутқа кешігіп келуім мүмкін еді, онда ешнәрсе істей алмас едім», - дейді әйел.