Монетада Сопақ кабинеттегі Дональд Трамп бейнеленеді, бір жағында «1776», ал екінші жағында «2026» сандары болады, деп хабарлайды NBC News.
АҚШ қазынашысы Брэндон Бич мәлімдемесінде оны «теңдессіз ескерткіш монета» деп атады.
— 250 жылдық мерейтойымыз жақындаған сайын біз еліміз бен демократиямыздың мәңгілік рухын бейнелейтін монеталарды дайындайтынымызға қуаныштымыз. Мұндай монета үшін қазіргі президент Дональд Трамптың портретінен артық символикалық бейне жоқ, — деді АҚШ қазынашысы Брэндон Бич.
2020 жылғы Коллекциялық монеталарды қайта жобалау туралы заңға сәйкес, Қазынашылық департаменті «2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір жылға Америка тәуелсіздігінің 250 жылдығын бейнелейтін дизайны бар 1 долларлық монеталарды шығаруы мүмкін».
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың кейбір жақтастары оның бейнесін елдегі ең көрнекті ескерткіштердің бірі – Рашмор тауына қосқысы келетінін жазғанбыз.