Алдын ала қорытындылар бойынша жарыстың екі көшбасшысы анықталды - ол республикашыл Дональд Трамп пен демократтар өкілі Хиллари Клинтон.
АҚШ-тың бұрынғы бас хатшысы Вирджиния, Джорджия, Алабама, Теннесси, Техас және Арканзаста айқын басымдықпен жеңіске жетті. Оның басты бәсекелесі, демократ Берни Сандерс Хилари Клинтоннан екі штатта ғана озып шықты.
Республикашылдардың арасында миллиардер Дональд Трамп алда келе жатыр. Оған Вирджиния, Джорджия, Массачусетс, Алабама, Теннесси және Арканзаста көп дауыс берілген. Республикалық партияның тағы бір өкілі Тед Крузға сондай-ақ небәрі екі штат «бағынған».