Жаңа қағаз ақшада Дональд Трамптың қолы Қаржы министрі Скотт Бессенттің қолымен қатар орналастырылады.
Министрдің айтуынша, бұл – қолданыстағы америкалық қағаз ақшада қызметтегі президенттің қолы қойылып отырған алғаш жағдай.
Скотт Бессенттің мәлімдеуінше, АҚШ заңнамасы айналымдағы ақшада көзі тірі адамның бейнесін пайдалануға тыйым салады. Алайда бұл талап естелік монеталарға қолданылмайды. Сондықтан Трамптың бейнесі бар бір долларлық монета тек коллекциялық мақсатта шығарылып, күнделікті айналымға жіберілмейді.
Министр жаңа банкноттардың дизайнын өзгерту салық төлеушілерге қосымша шығын әкелмейтінін айтты.
Оның пікірінше, президенттің қолы қойылған банкноттар коллекционерлер арасында сұранысқа ие болуы мүмкін.
Жаңа 100 долларлық банкноттар 2026 жылдың күзінде айналымға шығарылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қаржы министрлігі Трамптың бейнесі салынған 250 долларлық банкноттың үлгісі әзірленгенін растады. Алайда оны шығару үшін Конгрестің жеке мақұлдауы қажет.
2005 жылы қабылданған бір долларлық президенттік монеталар туралы заңға сәйкес, президенттің бейнесі бар айналымдағы монета оның қайтыс болғанына кемінде екі жыл өткеннен кейін ғана шығарылуы мүмкін.
Осыған дейін АҚШ-та Трамп бейнеленген 250 долларлық купюра шығарылуы мүмкін екені туралы жаздық.