2019-2020 жылдардағы маусымда осы аурудан елде 8200 адам қайтыс болған. Олардың арасында 54 бала бар.
Биылғы маусымда 15 млн адам осы дертке шалдыққан. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) тұмаудың қарқындылығы соңғы 11 апта ішінде артып келе жатқанын және бұның әлі де сақталатынын хабарлады.
Орталықтың мәліметінше, АҚШ-та тұмаудан және оның асқынуынан жыл сайын кемінде 12 мың адам көз жұмады, ал 2017-2018 жылдардағы маусымда 61 мың адам қайтыс болған, 45 млн адам ауырған.