Дүйсенбіден бастап, Айдахо, Алабама, Иллинойс, Кентукки, Мичиган, Миссури, Оклахома, Солстүстік Каролина, Теннесси, Техас және Флорида штаттарындағы мектептерде сабақ болмайды. Оқудың қай уақытта басталатыны туралы ештеңе айтылмайды. Өйткені ол эпидемиологиялық жағдайдың қауіптілігіне байланысты.
Ауруларды бақылау мен онымен байланысты жағдайды сауықтыру жөніндегі федералды орталық (Centers for Desease Control and Prevention, CDC) басшысы Бренд Фицджеральд The Hill басылымына берген сұхбатында елде тұмаудың салдарынан 37 баланың көз жұмғанын хабарлады. Сарапшылар қыс мезгілінің соңына таман бұл көрсеткіштің өсуі мүмкіндігін айтуда.
АҚШ-та дәрігерлер 6 жастан бастап, барлық тұрғындарға тұмауға қарсы екпе жасатуды талап етіп отыр.