Ұшақ тұрғын үйдің ауласында көлік қоятын қалқаға құлаған. Апат салдарынан ұшқыш көз жұмды.
«Ұшақ пен автокөлік төбесі жанып кеткен, бірақ өрт жылдам өшірілді», деп хабарлады Принц-Джордж округінің өрт сөндіру және апаттық қызмет өкілі Марк Брейди.
Брейди жараланғандар туралы хабарлама болмағанын айтты. Келіп түскен ақпараттар бойынша, ұшақ құлаған уақытта үйде кімнің болғаны түсініксіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: abcnews.go.com