Оның айтуынша, өрт 1 наурыз күні жергілікті уақытпен 14:00-де Риддл қаласының (Орегон штаты, АҚШ) тұрғын үйлерінің бірінде шыққан.
Соның салдарынан ерлі-зайыптылар - 39 жастағы Джеймс Кит пен 38 жастағы Тавифа Аннет Хоуэлл, олардың 13 жасар ұлы Эндрю Холл-Янг, отағасының ағасының денесін күйік шалып, медициналық орталыққа жеткізілді. Олардың жағдайы өте ауыр.
Тағы төрт бала өрттің салдарынан құрбан болды. Ерлі-зайыптының туған балалары - төрт жасар Гвендолин, жеті жасар Хайли Мейер, 10 жасар Исайя Янг және 13 жастағы асыранды ұл Николас Лоус бақилық болды.
Оқиғаның себептері анықталуда.
10:25, 02 Наурыз 2017
АҚШ-та тұрғын үйде болған өрттен 4 бала көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы өрттен адамдар құрбан болды. Бұл туралы бейсенбі күні 2 наурызда The Daily Mail басылымы Дуглас округінің шерифі Дуэс Хатсонға сілтеме жасап хабарлады, деп жазды lenta.ru.