ТАСС агенттігінің мәліметтерінше, сенбі, 4 наурыз күні бұл туралы қалалық өрт басқармасының басшысы Рон Гейтс хабарлаған.
Өрт жергілікті сағат 12-45-те тұтанған. Ас үйде пайда болған жалын аймақтағы бүкіл құрылыс нысандарын шарпып, соңында оның барлығы жанып кеткен. Өрт кезінде 1 әйел 4 баласымен бірге құрбан болған.
Уорвик Масачусетс штатының солтүстігінде орналасқан. Қала тұрғындарының саны шамамен 800 адамды құрайды. Қалада гидранттар жоқ. Сол себепті өрт сөндірушілер оқиға болған аймақтан 1 км-ге дейінгі жерден су тасуға мәжбүр болған.
2 наурыз күні АҚШ-тағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен тағы 4 баланың құрбан болғандығы хабарланды. Қайғылы жағдай Риддл қаласында (Орегон штаты) болды. Құрбан болған балалар 4-10 жас аралығында. Балалардың ата-аналары аман қалды, алайда олар ауыр жарақат алған.