Қаза тапқан адам қорықтың медициналық қызметінің маманы болып шықты. Ол жұмада жоғалып кеткен. Мәйіт сенбі күні түнде ұлттық саябақ аумағында демалыс орындарының бірінен табылған. Билік мүрдені ашқаннан кейін оның өлімінің себептерін айтуға уәде берді. Жарақат сипаты мен оның жатқан жеріндегі іздерге қарағанда жыртқыш аю талағанға ұқсайды.
Йеллоустон бағы Айдахо, Монтана және Вайоминг штаттарының аумағында орналасқан. Өткен жылы ол жерді 800-ге дейін аю мекен еткен.