Телеарнаның дерегі бойынша, зардап шегуші ауруханаға жеткізілген. Оның алған жарақаты өміріне қауіп төндіріп тұр. Оқ атқан адам, болжам бойынша қара нәсілді жас жігіт. Оның не себепті оқ атқаны және оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Университет аумағы қоршауға алынған, онда полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Күдіктінің тұтқындалғаны хабарланбады.