АҚШ-та Усама бин Ладеннің күйеу баласына қатысты сот үкімі шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте сот террорлық актілерге қатысы бар деп айыпталған Усама бин Ладеннің күйеу баласы Сүлеймен Әбу Гейтті өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлады ВВС.

Ол 2013 жылы Иорданияда ұсталып, АҚШ-қа депортацияланған болатын. Гейт бірнеше жыл бой тасалап жүрді, алғашында Ауғанстанда тұрса, кейін Иранды паналаған. Бірақ, былтыр ол Анкара қаласындағы қонақ үйде ұсталып, Түркия билігі оны еліне, Кувейтке қайтармақ болған. Бірақ орта жолда Иорданияда АҚШ-тың арнайы барлау қызметі қолға түсіріп, Америкаға жөнелтті.