АҚШ-та үш жасар бала інісіне оқ атты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Макдоно (Джорджия штаты) қаласынд үш жасар бала атыс қаруымен ойнап отырып, бір жасар інісіне оқ атты.

Бұл туралы Fox News телекомпаниясы хабарлады.

Fox News хабарлауынша, оқ сәбидің басына тиген. Оны ауруханаға жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмады. Қару отбасы мүшелерінің біріне тиесілі. Есімі аталмаған балалар үлкендердің көз алдында ойнап отырған.

Fox News бір жасар баланың өзі де шүріппені басуы мүмкін екенін айтуда. Қару сараптамаға жіберілді. Құқық қорғау органдары оқиғаға тергеу жүргізуді бастады. Айыптаулардың тағылу-тағылмауы әлі белгісіз.