АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк штатында әуежайдан 1 шақырым қашықтықта қону кезінде бір моторлы Mooney M20 ұшағы құлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Полицияның ресми өкілдерінің хабарлауынша, әуе апаты салдарынан 3 адам қаза тапқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға оын алмас бұрын әуежайға екі бірдей ұшақ қонбақ болғаны белгілі болды. Mooney M20 ұшағының пилоты әуеде тағы бір айналып шығуға мәжбүр болған. Алайда техникалық ақау салдарынан ол екінші мәре қона алмай қалады. Ұшақ әуежайға жақын орналасқан фермаға құлап, жанып кеткен.

Жергілікті билік оқиға бойынша тергеу жүргізуде.