АҚШ-та ұшақ апатынан үш адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Джорджия штатының солтүстігінде шағын ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты. Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті WSB-TV телеарнасы хабарлады.

Деректерге қарағанда, ұшақта болған төртінші адам аман қалған. Оны ауруханаға жеткізген.

Оқыс оқиғаға не себеп болғаны әзірге айтылмай отыр.