АҚШ азаматтық авиациясы федеральдық басқармасының мәлімдеуінше, Learjet 35 ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын ала деректерге қарағанда, лайнер құлаған кезде ғимаратқа соғылған. Салдарынан бірнеше нысан отқа оранды.
БАҚ-тардың соңғы деректеріне қарағанда, апат салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты. Ұшақта жолаушылар болмаған.