Оқиға сейсенбі, 10 қарашада Экрон қаласында орын алды. Бизнес-джет құлап бара жатып электр беру желісін үзіп өтіп, көп пәтерлі тұрғын үйдің үстіне құлады. Әуе кемесі бірден қызыл жалынға оралды, деп хабарлады Лента.ру .
Кірпіш ғимараттың ішінде ешкім болмаған. Алайда алдыңғы қабырға қирап, құрылыс отқа оранды.
Куәгерлердің айтуынша, апат болған кездегі жарылыс үні бірнеше кварталдарға жеткен.