АҚШ-та ұшақ құлап, 5 адам мерт болды
08:51, 25 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында ұшақ құлап, 5 адам мерт болды, деп хабарлайды РИА Новости CNN-ге сілтеме жасап.
Cessna 340 маркалы екі моторлы ұшақ жексенбі күні таңертең Бартау әуежайынан ұшқаннан кейін құлаған.
Ұшақтың ішіндегі бесеудің төртеуі туыс адамдар болған. Олардың бәрі мерт болды.
Шериф Греди Джаддтың айтуынша, қайғылы оқиғада ұшақтағылардың «аман қалуына ешқандай мүмкіндік жоқ еді».