АҚШ-та ұшақ тұрғын үйді қирата құлады
08:21, 09 Қазан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вирджиния штатында жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйді қирата құлады, деп хабарлайды АВС.
Ұшақ бортындағы үш адам аман қалған, олар жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Біреуі - жас бала.
Телеарнаның хабарлауынша, оқыс оқиғаға ұшқыштың ұшақты басқара алмауы себеп болған.