АҚШ-та ұшатын скейтборд сынақтан өтті - ВИДЕО
07:46, 21 Қараша 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда скейтбордшы Тони Хоук пен журналист Дейв Керни "Өткен шаққа саяхат" трилогиясындағы ұшатын тақтаның прототипін сынақтан өткізіп жатқан видео жарық көрді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Бұл видеоны 3 күн ішінде 4 млн. адам тамашалаған.
Мамандар Hendo деп аталатын жаңа ұшатын тақтада сырғанау әдеттегі скейдбордпен сырғанауға қарағанда басқаша екендігін айтады. Себебі онда тепе-теңдікті сақтау қиын.
Скейдборд магниттің серпіліс күші арқылы жерге тимей, қалықтап жүре алады. Мыс, алюминий еден үстінде ғана қолдануға болады.