АҚШ-та үйлерді сызбасыз салатын робот шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық ғалымдар бір-бірімен араласпастан бір командада ірі және күрделі нысандардың құрылысын жүргізетін роботтар жасап шығарды, деп хабарлайды Росбалт.

Америкалық ғалымдарға аталмыш роботтарды ойлап шығару ойы африкалық термиттерді көргеннен кейін келген. Олар жаңа роботты TERMES деп атаған, себебі олар осы жәндіктерді зерттеудің негізінде жасалған. Құрылысшы-термиттердің басты қасиеті «стигмергия» болып табылады. Бұл - ақпаратты жанама түрде, бедер, түрлі химиялық сигналдар арқылы беруді білдіреді.

Жұмысты қарапайым алгоритм басқарады. Себебі, оған құрылыстың басты тәсілдері енгізілген. Алдағы уақытты аталмыш робот өзен тасуына бөгет болатын дамбалар, түрлі табиғи апаттардан кейін уақытша баспаналарды салуда пайдалы болуы мүмкін деген болжам бар.