АҚШ-та «Вашингтон мергені» өлім жазасына кесілді

АСТАНА.  Қарашаның   11-і.  ҚазАқпарат -  АҚШ-та  «Вашингтон мергені»  ретінде аты шыққан    49 жастағы  Джон  Аллен  Мұхаммад   өлім  жазасына кесілді,

 деп   хабарлайды  «Азаттық»   радиосы.

Қылмыскердің  адвокаттары   соңғы сәтке  дейін   рақымшылық жасауды   талап етіп келді.   

2002   жылы   10  адамды  өлтірген  «Вашингтон мергенінің» үкімі     Вирджиния  штатындағы   Джаррат  деп  аталатын  шағын қалада  жергілікті  уақыт бойынша  кешкі сағат 9-00-да  орындалды.       Оған     улы   дәрі егілді.