Агенттіктің дереккөзінің айтуынша, қазіргі таңда ведомство мұндай тексерістерді сирек өткізуде.
БАҚ хабарлағандай, осындай сипаттағы шаралар АҚШ президенті Дональд Трамптың көші-қон саясатын күшейтуге байланысты жүргізілуде. Сондай-ақ, дипломатиялық өкілдерге де виза алуға өтініш білдірушілердің қайсысын тексеру керектігі жөнінде кеңес беріп отыру ұсынылды.
08:43, 24 Наурыз 2017
АҚШ-та виза берілмей тұрып күдікті тұлғалардың желілердегі жазбалары тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ мемлекеттік департаментінің басшысы Рекс Тиллерсон елдің дипломатиялық өкілдеріне виза берерден бұрын күдікті тұлғалардың сондай-ақ ДАИШ террористік тобының аумағында бұрын-соңды болған адамдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын тексеруді тапсырды. Бұл туралы Life.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.