АҚШ-та йогамен шұғылданатын ерлер қатары 50%-ға жеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат- АҚШ-та йоганың ер адамдарға арналған жаңа түрі пайда болды. Оны «Брога» деп атайды. Бұл сөздің төркіні ағылшын тіліндегі «бразер», яғни аға немесе іні дегеннен алынған.

Америкада йога алғаш таралған кезде онымен айналысатындардың басым бөлігі қыз-келіншектер болатын. Бірақ қазір бұл үрдіс толығымен өзгеріп, соңғы кездері йогамен шұғылданатын ерлердің қатары 50%-ға жеткен. Оның үстіне жігіттердің қыздармен бір бөлмеде шұғылдануы ыңғайсыздық тудырған. Осыларды ескерген Роберт Сидоти және Адам О'Нил есімді жігіттер йоганы ер адамдарға лайықтап, бұлшық еттерге арналған қарқынды жаттығуларды қосып, броганы ойлап тапты, деп хабаарлайды 24.kz.