Жолшыбай ол су сатып алғысы келіп, жүргізушіден жанармай құю станасына соғуын өтінеді. Әйелдің дүкенге жетуіне көмектесу үшін жүргізуші көліктен шығады. Полиция төлемге қатысты олардың арасында жанжал туындағанын атап өтті. Осыдан кейін Кейуана көліктің руліне отырып, кетіп қалған.
Жарты сағаттан кейін полицейлер таксиді тоқтатып, артқы орындықта 23 жастағы әйел мен оның кішкентай қызының отырғанын көреді. Ол көліктің ұрланғанына еш күдіктенбей, такси шақыртқанын мәлім еткен. Оның айтуынша, діттеген жеріне жақындаған соң жолақы төлемек болып жатқан.
Томас тұтқындалды. Ол «ұрлықтың бірнеше түрі» бойынша айыпталды. Әйелдің басқа жолаушыларды баратын жерлеріне жеткізген-жеткізбегені белгісіз.