АҚШ-та жанармай бағасы тағы да қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Иранда әскери қақтығыс басталғаннан бері АҚШ-та бензин бағасы 30%-дан астамға қымбаттады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Вашингтондағы меншікті тілшісі.

Фото: fuelexpress.net

AAA автомобиль клубының мәліметінше, қазіргі уақытта бензиннің орташа бағасы бір галлонға 3,57 доллардан 5,96 долларға дейін ауытқиды, бұл АҚШ азаматтарының бюджетіне қосымша салмақ түсіреді. 

Бес штатта (Калифорния, Гавайи, Невада, Орегон және Вашингтон) бензиннің орташа бағасы бір галлонға 5 доллардан жоғары немесе осы бағамен шамалас, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. AAA мәліметі бойынша ең төменгі бағалар елдің орталық бөлігіне жақын орналасқан штаттарда кездеседі.

Авиакеросин бағасы да айтарлықтай өсті, бұл авиакомпанияларды әуе билеттерін көтеруге мәжбүр етті.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ алдындағы қарызы шамамен 4 млрд доллар екенін жазған болатынбыз.