«Биылғы жылдың 227 күнінде 41 штатта және Колумбия астаналық округінде жаппай атыстың 443 дерегі болды», - деп хабарлайды Gun Violence archive порталы.
Сарапшылар есебіне сүйенсек, биыл елде жаппай кісі өлтірудің 28 оқиғасы болды.
Былтыр осы уақытта АҚШ-та жаппай атыстың – 414, жаппай кісі өлтірудің 19 жағдайы тіркелген еді. Ал 2021 жылы осындай 688 оқиға орын алды, бұл – кейінгі онжылдықтағы ең жоғары цифрлар.
Порталдың хабарлауынша, тамыздың ортасына қарай жаппай атысудың – 433, кісі өлтірудің 18 қылмысы болды. Егер қазіргі динамика сақталса, яғни күніне орта есеппен екі жаппай атыс оқиғасы тіркелсе, жыл соңына дейін АҚШ-та осындай 700-ден астам эпизод болуы ықтимал.
Еске сала кетсек, жаппай атыс – ондаған жылдар бойы Америка қоғамының ең өзекті мәселелерінің бірі. 2023 жылдың қаңтарында ғана АҚШ-та 51 жағдай болып, салдарынан 87 адам қаза тапты, 180-ден астам адам жарақат алды.