АҚШ-та жасөспірім өзінің отбасы мүшелерін атып тастады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Алабама штаты, Элкмонт қаласында он төрт жастағы жасөспірім отбасының бес мүшесін атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім қылмыс жасағанын мойындаған.

Бұған дейін хабарланғандай, 31 тамызда 10 жасөспірім Алабама штаты, Мобил қаласында стадионда болған атыс салдарынан жарақат алған. 1 қыркүйекте Техастағы атыстан 5 адам қаза тауып, 21-і жарақаттанды.