АҚШ-та жеке адамдар иелігіндегі жолбарыстар тұмса табиғаттағыдан әлдеқайда көп

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік тұмса табиғат қоры ғасыр бойы жабайы жолбарыстардың өсіп-өнуінің баяулауы кейін қайтадан көбейе бастады, деп хабарлады https://inosmi.ru.

Дегенмен Foreign Policy хабарлауынша, қазіргі кезде АҚШ-та бақтарда, үйлер мен пәтерлерде 5000 үй жолбарыстары өмір сүріп жатыр екен. Ал зоопарктерде олардың саны - 350 ғана. 1990 жылдан бастап Америкада мұндай «үй мысықтары» (жобарыстар, леопардтар, арыстандар) 23 адамды өлтірген, 259 адам жарақат алған, деп хабарлайды Big Cat Rescue қауымдастығы.

АҚШ балық ресурстары мен жабайы жануарларды қорғау қызметінің баспасөз хатшысы Гэвина Шайраның айтуынша, жыртқыштардың иелері бұл жөнінде хабарлауы міндетті емес (оларды сатарда болмаса), сондықтан да елде үй тұтқынындағы жолбарыстар саны 10 000-ға тақап қалды.

Американың алты штатында (Солтүстік және Оңтүстік каролина, Висконсин, Невада, Алабама және Вирджиния) жыртқыштарды қолда ұстауды реттеу шаралары қарастырылмаған. 14 штатта мұндай қажетті рұқсат бар, ал 30-ында оған тыйым салынған. Соңғысына Нью-Йорк те жатады. Алайда 2003 жылы газеттердің бірінші беттерінде гарлам пәтерінің жолбарысы пайда болды. Біреулер жаунар сідігінің қатты иісіне шағымданды, ақырында жолбарыс өзінің иесін жарақаттады. Полиция араласқаннан кейін ғана жыртқыш аң Огайо зообағына аттандырылды.
«Жыртқыштарды жақсы көріп, мәпелейтіндер бар, ал олар кейіннен нағыз тағы ға айналып, жағдай бақылаудан шығып кетеді, - деп жазды Халықаралық жануарларды қорғау қорының өкілі The New York газетінде, - Көбіне жануарларды иесіз қалдырып кететін және қауіпті жағдайда ұстайтындар да  жеткілікті».