АҚШ-та жеңіл ұшақ көлік тұрағына құлады - 4 адам ажал құшты
03:19, 17 Мамыр 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатында Piper PA-24 жеңіл ұшағы көлік тұрағына құлап, төрт адам қаза тапты.
Бұл туралы USA Today әуе көлігі федеральдық агенттігі (FAA) мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды. Сан-Антониодағы Кестлер әуежайынан көтерілген ұшақ көп ұзамай, жергілікті уақыт бойынша 12.30-да апатқа ұшыраған. Оның бортында болған барлық адам ажал құшты.
Апат орнына FAA тергеушілері аттанып кетті. Бұл келеңсіз жағдай туралы Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңеске хабарланды.