АҚШ-та жер астына үйлер салынып жатыр

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - АҚШ-та кезекті жаңалық ашылып отыр - елде кезекті биік ғимарат жердің астына қарай салынуда, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Жерасты ғимаратының биіктігі, нақтырақ айтқанда тереңдігі 270 метрді шамалайды. Нысан Аризона штатындағы Бисби қаласына жақын маңдағы жұмыссыз жатқан шахтаға орналастырылмақ. Күн сәулесі ол нысанға үлкен күмбез бен жер бетіне жақын орналастырылатын көптеген терезелер арқылы түсетін болады. Кешен Бисби қаласымен жеңіл рельсті көлік желісімен байланыстырылмақ.