АҚШ-та жер қабаты көшкінінен 14 адам құрбан болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Вашингтон штатында жер қабаты көшкінінің салдарынан қаза болғандардың саны он төртке жетті, деп жазады РИА «Новости».

Бұған дейін құрбандардың саны сегіз адам деп хабарлаған болатынбыз.

Жергілікті биліктің айтуынша, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында үйіндінің астынан тағы да алты адамның денесі табылған. Ал жүзден аса адамынң тағдыры әлі белгісіз болып отыр. Осыған дейін көшкіннен соң 108 адам із-түзсіз жоғалып кеткендігі хабарланған еді.