АҚШ-та жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тағы Оклахома штатында 7 қарашада болған жер сілкінісі салдарынан 50-ге жуық ғимарат зардап шекті.

Мәліметтерге қарағанда, бұлардың басым бөлігі едәуір қираған.

Магнитудасы 5 балдық зілзала мәскеу уақытымен таңы 5 шамасында америкалық Оклахама штатында тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігі Оклахома қаласының солтүстік батысына қарай 86 шақырым қашықтықта, 5 шақырым  тереңдікте болған,деп хабарлайды utro.ru.